Жана сауылған бие сүтіне, қымыз ашытқысын қолдана, табиғи жолмен дайындалады. Дайындау әдісі — барлық дәстүрлі жолды сақтап, сапыру әдісімен, жаңа технологияны қолдану арқылы жасалады.
Бізбен бірге қымыз өндірісін дамытыңыз! Біздің құрылғымен қымыздың жоғарғы сапасын қалыптастырыңыз.
«7101» — Аппарат: қымыздын ашу процесі (ферментация), қышқылдығы, температурасы және сапыру процесі арнайы қондырғылардын көмегімен бапталады. Аппарат автоматты түрде нұсқаулық бойынша дайындайды. Бұл қымыздың тұрақты дәмі, құрылымы және пайдалы қасиеттерін жақсартуға көмектеседі.
Сапыру кезіндегі негізгі процестер:
- Оттегімен байыту: сүт қышқылды бактериялар мен ашытқылардың белсенділігін арттырады, дәм мен хош иіс күшейеді.
- Құрамын біркелкі ету: май бөлшектері араласып, құрылымы жұмсақ әрі біртекті болады. Ақуыздар жеңілденеді.
- Көмірқышқыл газын шығару: CO₂ аэрация арқылы шығып, қышқылдық пен дәм реттеледі.
- Дәмі мен хош иісін қалыптастыру: табиғи иіс артады, дәмі жеңіл және сергіткіш болады.
- Жетілу процесін тездету: бактериялар мен ашытқылар белсенді, қымыз тез пісіп жетіледі.
Автоматтандырылған өндірістің артықшылықтары:
- Өндіріс көлемін ұлғайту: үздіксіз процесс, адам факторы азаяды.
- Жұмыс күшін азайту: ашыту, араластыру, сақтау – автоматты, тек бақылау мен техникалық қызмет.
- Сапа тұрақтылығы: параметрлер біркелкі, әр партия тұрақты.
- Нарыққа шығу мүмкіндігі: сапа жоғары — экспорт, заманауи қаптамалармен кең нарыққа шығу.
Қымыз өндірісін автоматтандыру – еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту және қымыздың тұрақты сапасын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам.